Вашингтонда АҚШ мемлекеттік хатшысы мен Косово жетекшілері кездеседі

Бүгін АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Косово басшыларымен кездесіп, Сербияның жікшілдік бағыттағы аймағының болашағын талқылайды. Америка Құрама Штаттары Косовоға бақылау астындағы тәуелсіздік беру керек деген БҰҰ-ның жоспарын қолдайды. Ал Ресей мен Сербия бұған қарсылық білдіріп отыр.