Йордания астанасындағы бұл отырысқа Ирақ, Йордан, Сирия, Түркия, Иран елдері ресмилері және БҰҰ жанындағы Босқындар ісі бойынша комиссия басшысы қатысады. АҚШ басып кіргелі бері Ирақтан 2 миллиондай ирақтық босып кетті, дейді ол ұйым есебі. Олардың біразы Сирия мен Йорданияға қоныс тепкен.