Сербиядағы атыстарға байланысты күдіктілер ұсталды

Сербия полициясы кеше елдің шығысындағы елді мекенде оқ атып 9 адамды өлтіріп, екі кісіні жаралады деп күдіктелген адамды ұстады. Полицияның айтуынша, ол азамат бірнеше адамды атқан соң жергілікті зиратқа барғанда ұсталған. Алғашқы деректерге қарағанда, ол жақында өзінің ауылына жұмыс істеп жүрген жері Авсртиядан оралып, адамдарға қарсы оқ атардың алдында әйелімен ұрысып қалған екен.