Ирақтағы шабуылдан 7 адам құрбан болды

Хабарларға қарағанда, Ирақтың Туз қаласының жанында қарулы адамдар түркмен майданы лидерінің үйіне шабуыл жасады. Оның салдарынан 7 адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды. Полиция басшысы Аббас Махмуд Аминнің хабарлауынша, шабуыл Киркуктың оңтүстік-батыс аймағында орын алған. Бұл аймақтағы халықтың басым бөлігі түркмендер болып табылады.