Ауғанстанда қаза тапқан ағылшын әскерлерінің саны 68-ге жетті

Ауғанстанның оңтүстігінде орын алған қақтығыстан бір ағылшын сарбазы қаза тапты. Бұл туралы Британия қорғаныс министрлігі хабарлады, бірақ жексенбі күнгі бұл шабуыл жөнінде басқа егжей-тегжейлі мәлімет берілмеді. Сөйтіп 2001 жылдан бері Ауғанстанда құрбан болған Британия сарбаздарының саны 68-ге жетіп отыр.