Джордж Буш пен Гордон Браун халықаралық лаңкестікке қарсы күрестегі мықты міндеттемелерін тағы да растады

Сондай-ақ АҚШ президенті Буш пен Британия үкімет басшысы Браун Ауғанстан және Ирақтағы жаңа демократияны тұрақтандыруға байланысты да осындай көзқарастарын растады. Сонымен бірге Иранның ядролық бағдарламасына байланысты оған санкция жариялауға бірлесіп қол жеткізуге екеуінің келіскендігін Браун айтты.