Ирақ үкіметі құрамынан шығу жөніндегі Сүннит араб саяси блогы шешімін АҚШ үкіметі маңызсыз деп бағалады

Шиитер басым болған үкіметтен 6 министрін шығару жөніндегі Келісім майданы блогының шешімі Ирақтың ішкі саяси мәселесі, деді Ақ үй өкілі Тони Сноу. Ирақ партиялары арасында диалог жалғасуда, деді ол. Сәрсенбіде Бағдаттағы бомбалық жарылыстар кесірінен 70-тей адам қаза болған еді.