Ирақтағы шабуылдан кемінде 5 адам опат болды

Бүгін Бағдадтың солтүстігіндегі Әл-Хибхиб қаласында орын алған жарылыстан кемінде 5 адам қаза тауып, 15 кісі жарақат алды. Полицияның хабарлауынша, жанкешті өз көлігін полиция бекетінде жарып жіберген. Ал осыдан бір күн бұрын Бағдадта бірқатар жанкештілік шабуылдар орын алып, оның салдарынан 70-тен аса адам құрбан болды.