Газпром Белорусияға беретін табиғи газын 45 пайызға қысқарту шешімін бір аптаға шегерді

Ресейдің Газпром компаниясы Минскінің Ресей газына берешегінің жартылай төленуінен кейін, Белорусияға беретін табиғи газын қысқартамыз деген шешімін бір апта кейінге қалдырып отыр. Газпром Белорус еліне бүгін таңертеңге дейін 456 млн доллар қарызын өтеуді сұрап, әйтпесе бұл елге жөнелтілетін газдың мөлшерін 45 пайызға азайтамыз деген талап қойған. Бейсенбі күні Белорусия президенті Александр Лукашенко Мәскеу Белорус елін экономикалық бақылауына алуды ойлап жатыр деп Ресейді айыптаған болатын.