Талибандар мен Оңтүстік Кореялық келіссөз өткізушілердің кездесуіне қауіпсіз жер ізделіп жатыр

Ауған ресмилері талибандар тұтқынындағы 21 кореялықты аман-есен босату жөнінде келіссөз жүргізуге келіскен оңтүстік кореялық өкілдер мен талибандардың кездесуіне дайындық жасап, ыңғайлы жер қарастырып жатыр. Ауған билігінен түрмедегі өз үзеңгілестерін босатуды талап еткен талибандар келіссөз жүргізушілермен НАТО күштерінің бақылауы астындағы аймақта кездесуден бас тартып отыр.