Түркменстан президенті билігін күшейтуде

Түркменстан президенті елдегі жалғыз ғана партияның жетекшілігін өз қолына алды. Түркменстан мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, президент Гурбангұлы Бердымұхаммедов тамыздың 4-і күні Демократиялық партияның лидері болып сайланған. Сөйтіп Бердымұхаммедов газға бай Орталық Азия еліндегі билігін одан сайын күшейтіп отыр.