Оңтүстік және Солтүстік Корея елдерінің жетекшілері осы айдың аяғында бас қосады

Тамыздың соңында Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея басшылары саммит өткізеді. Хабарларға қарағанда, екі елдің президенттері 28-30 тамызда Пхеньянда кездеспекші. Бұл кореялық екі елдің 7 жылдан бергі алғашқы кездесуі. Корей түбегіндегі бұл оң өзгеріске шілде айында Солтүстік Кореяның ядролық реакторын жабуы мен оған Оңтүстік Кореяның көмек ретінде 50 мың тонна мазут ұсынуы негіз болды.