Қазақстандық оппозиция өкілі телеайтысты цензурадан өткізді деп билікті айыптады

Парламент сайлауы қарсаңындағы қос саясаткердің теле айтысын Ақпарат министрлігі цензуралады, деп оппозициядағы саясаткер Болат Әбілев бүгін айыптады. Оның сөзіне қарағанда, 5 минуттық ол айтыс ішіндегі ҚазМұнайГаз мемлекеттік компаниясындағы сыбайласқан жемқорлық және сөз бостандығы жөніндегі оның пікірлері қиылып тасталған. Аталған таспаны пікір сайыс соңында Ақпарат министрі алып кеткен-міс.