Ауғанстандағы қақтығыста поляк жауынгері қаза тапты
Ауғанның шығысында әскери колоннаға шабуыл жасалғанда Польшаның бір солдаты құрбан болған. Польша әскерилері Ауғанстандағы НАТО бастаған бітімгершілік күштеріне қосылғаннан бері алғашқы солдатын жоғалтып отыр.