Ауғаныстанда үш Германия әскері қаза болғаны хабарлануда

Бүгін Қабул қаласының маңында НАТО күштерінің көлігіне қарсы шабуылдан Германияның үш сарбазы қаза тапты. Жол бойына қойылған бомба жарылысынан бір бейбіт тұрғын жараланған. НАТО әскерилері өздерінің әскери база жанында жарылыс болғанынан хабардар екенін, бірақ ондағы шығындар туралы әзірге толық ақпарат бере алмайтындықтарын айтты.