Осы ұйымға мүше елдердің президенттері Қырғызстан астанасына келді. Қырғызстан сыртқы істер министрінің айтуынша, саммитке қатысушылар халықаралық жане аймақтық көптеген өзекті мәселелерді талқылайтын болады. Сондай-ақ ынтымақтастық ұйымының болашағы да күні тәртібінде қаралатын болады. Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдері мүше.