ЖАҢАЛЫҚТАР Перуде қуатты жер сілкінісі болды 16 тамыз 2007 жыл, 01:09 Құрбан болғандар мен келтірілген зиян-зардап турасында әзірге нақты дерек жоқ. Зілзала қуаты Рихтер бағанымен шамамен 7,5 балға жеткен. Жер сілкінісінің орталығы елдің астанасы Лиманың оңтүстігінен 70 шақырымдай қашықтықта тіркелген.