Талибандар кореялық тұтқындар жөніндегі келіссөз сәтсіз аяқталды деді

Ауғаныстандағы талибан жасақтары тұтқындарды босату жөніндегі келіссөздер сәтсіздікке ұшырағаннан кейін өздерінің тұтқындағы 19 кореялықтың тағдырын шешіп жатқандарын айтты. Тәліптер шілде айында Ғазни провнициясындағы автобустан 23 оңтүстік кореялықты кепілдікке алған болатын. Одан бері, екі тұтқын босатылып, екеуі өлтірілді. Талибандар егер өздерінің түрмедегі үзеңгілестері босатылмаса, қалған тұтқындарды өлтіреміз деп қорқытқан.