Пәкістан армиясы 15 содырмен қатар, 4 бейбіт тұрғынды өлтіріп алды

ИСЛАМАБАД: Пәкістан армиясының хабарлауынша, бүгін соғыс тікұшақтары ауған шекарасына жақын Солтүстік Вазиристан өлкесіндегі 2 бекініске соққы беріп, 15 содырдың көзін жойды. Үкіметтің мәлімдеуінше, содырлардың көпшілігі шетелдіктер, негізінен өзбектер көрінеді. Әуе соққысынан, сондай-ақ, 4 бейбіт тұрғын, оның ішінде 2 ана мен 2 сәби мерт болды.