Ямайка жағалауын Диин атты сұрапыл дауыл соқылауда

Өте күшті дауыл мен нөсер жаңбыр кесірінен ағаштар құлап, үйлердің шатыры ұшып, су тасқыны күшеюде. Сағатына 230 километр жылдамдыққа жеткен күшті жел 5-ші категориядағы дауылға айналуы мүмкін. Бұл жөнінде АҚШ Ұлттық харикейн орталығы хабарлап отыр. Осынау күшті дауыл қазір Мексиканың Юкатан түбегіне жылжуда. Осыған дейін аталған дауыл кесірінен 6 адам қаза болған екен.