Ауғанстанда тәліптер оққа ұшқан 10 қаруласын далаға тастап кетті

КАБУЛ: Ауғанстанның оңтүстігінде ауған армиясының соғыс базасына тұтқиылдан шабуыл жасаған тәліптер 10 қаруласынан айрылған соң кейін шегінуге мәжбүр болды. Осы өлкенің әкімі Эзатулла Ханның хабарлауынша, дүйсенбіге қараған түні оңтүстіктегі тәліптер күш жинаған Гильменд өлкесінің Сангин ауданындағы соғыс базасынан өздеріне тойтарыс берген соң тәліптер ұрыс болған жерде оққа ұшқан 10 қаруласын тастап кейін шегінді.