Қуатты “Дин” құйыны Кариб теңізіндегі елдерді жағалап қана өтті

КИНГСТОН: Қуатты “Дин” құйыны Ямайка аралына тимей өтіп, қазір батысқа - Мексиканың Юкатан түбегіне қарай жылжып келеді. Ямайкада дауыл жел ағаштарды құлатып, үйлердің шатырларын жұлып кетсе, шелектеп құйған нөсер жаңбырдың салдарынан су тасқыны көтерілді. Дауылының жылдамдығы сағатына 230 шақырымға жететін құйын - ең қатерлі 5-інші деңгейге дейін жететін сыңай байқатады. Кариб теңізіндегі табиғи апаттан кем дегенде 6 адам құрбан болды.