Ауғанстанның оңтүстік шығысында губернатор өзіне жасалған қастандықтан аман қалды

Бүгін Хост провинциясы губернаторының керуеніне бомбалық шабуыл жасалды. Губернатор Арсала Жамалдың екі оққағары қаза тапқан. Хост ауруханасы дәрігерлерінің айтуынша, тағы төрт оққағар мен сегіз қарапайым азамат түрлі жарақат алған. Шабуыл АҚШ бастаған коалиция күштері орналасқан базаға жақын жерде орын алған.