Үндістанда бомбалық шабуылдардан 42 адам қаза болды

Хидерабад қаласында болған осы шабуылдардан тағы 80-дей адам жараланған екен. Сенбі күні ол жарылыс танымал ресторанның сыртында болған. Андхра Прадех штатының бас министрінің айтуынша, Бангладеште және Пәкістанда орналасқан, Ислам атын жамылған экстремистер осы шабуылдарға жауапты. Содан бері қаладан 19-дай жарылмаған бомба табылды, дейді полиция.