Өзбекстан президенті Ислам Каримов елдің орталығы мен оңтүстігін қосатын теміржол тармағын ашты

Бүгін Дербент станциясындағы 223 шақырымдық теміржолдың ашылу салтанатында өзбек басшысы бұл жолдың жапондық әріптестердің көмегімен үш жылға жетер-жетпес уақытта салынып, мерзімінен бұрын іске қосылғанын айтты. Ислам Каримов аталған теміржол Өзбекстанның экспорттық және транзиттік мүмкіндігін арттырады деп атап көрсетті.