Журналист Политковскаяның өліміне байланысты 10 күдіктінің ұсталғанын Ресей Бас прокуроры айтты

Алдағы уақытта айыпты тұлғалар жауапқа тартылатын болады, деді Юри Чайка Ресей президентіне. 2006-шы жылдың қазан айында Анна Политковская өлтірілгелі бергі бұл- алғашқы мәлімдеме болып отыр. Шешенстандағы адам хұқының тапталуына орай марқұм Политковская президент Владимир Путинді жиі сынаушы еді.