Биыл Ауғанстанда қаза болған НАТО жауынгерлерінің саны 100-ден асты

КАБУЛ: Өткен тәулікте Ауғанстанда НАТО-ның басқаруына қарайтын коалициялық күштердің 5 жауынгері мен 2 ауған сарбазы қаза тапты. Барлығы да Ауғанстанның оңтүстігі мен шығысында тәліптерге қарсы шайқастарда мерт болды. Үстіміздегі жылы ғана НАТО-ның басқаруына қарайтын Ауғанстандағы халықаралық күштердің 100-ден аса жауынгері оққа ұшты.