Ирақта Рамазан айына байланысты 50 сотталған босатылады

Бүгін Ирақтың вице президенті Тареқ әл Хашемидің айтуынша,мұсылмандардың қасиетті Рамазан айының әрбір күнінде, АҚШ түрмелеріндегі 50 тұтқын босатылатын болады. Құрама Штаттар әскерилері бұл ақпаратты растап, қыркүйектің екінші аптасында басталатын ораза кезінде қамаудағылар босатылып отырады деген. Сүннит арабтарының өкілі Хашеми жақында АҚШ-тың қамау орындарында 20 мың адам отырғанын айтқан.