Беслан трагедиясында құрбан болғандардың туыстары еске алу шарасын өткізуде

Бүгін Ресейдің оңтүстігінде Бесландағы қайғылы оқиғаға 3 жыл толғанына байланысты еске алу шарасына 3 мыңдай адам жиналды. Солтүстік Осетиядағы шешен жікшілдері 2004 жылы 1-ші қыркүйекте Беслан мектебіндегі бір мыңнан астам адамды кепілдікке алған болатын. Оларды үш күн бойы тұтқында ұстап, 3-ші қыркүйек күні спортзал маңында екі жарылыс шыққан соң, Ресей арнайы жасағы шабуылды бастап жіберген, оның соңы қанды қақтығыспен аяқталды. Жарылыс салдарынан 330 адам құрбан болды, олардың көбі балалар болды.