Ресей су тасқыны басқан Солтүстік Кореяға қайырымдылық көмегін жөнелтті

МӘСКЕУ: Ресейдің төтенше жағдайлар бойынша министрлігінің қайырымдылық көмек тиілген 2 жүк ұшағы Солтүстік Кореяға қарай ұшып шықты. “Интерфакс” агенттігіне аталған министрліктің өкілі Виктор Бельцов хабарлағандай, 2 ұшаққа 50 тоннадан асатын шатыр үйлер, су тасқынынан жапа шеккен Солтүстік Корея халқына қажетті азық-түлік, дәрі-дәрмек және тағы басқа дүние-мүлік тиілді. Солтүстік Кореядағы су тасқынынан 600-дей адам қаза болды немесе хабар-ошарсыз жоғалды, егін алқаптарын су шайып кетті.