Ирақтың Жоғарғы соты Саддам Хусейннің бұрынғы үш көмекшісіне өлім жазасын шығарды

Саддамның немере інісі, кезінде “Химиялық Әли” деген атпен белгілі болған көмекшісін өлім жазасына кесті. Сондай-ақ Султан Әл-Тай және Хуссейн Рашид әл-Тикритиге де өлім жазасын шығарды. Ол үшеуі де 1988-ші жылы Анфалда болған әскери шараларға қатысты, деп табылды. Сол жолы 180 мыңдай күрд өлтірілген болатын.