"Өзге Ресей" тобының жиналысына кедергі жасалып отыр

Ресей оппозициясының "Өзге Ресей" тобы Мәскеуде жиналыс өткізбек болып еді, келісіп қойған кинотеатр басшылары шартты бұзып тастады. "Өзге Ресей" тобы бүгінге кинотеатрдың конференц-залын жалдап қойған. Алайда, кинотеатр басшылылары зал бос емес деп, келісімді бұзып тастады. "Өзге Ресей" тобы бұл үкімет орындарының қысымынан болып отыр дейді.