Үндістанның Раджастан провинциясында мұсылман зиаратшылары отырған жүк мәшинесі жардан құлады

Ресми өкілдер кемінде 72 адам қаза тапты, көптеген адам жарақат алды дейді. Мәшине жүргізушісі қиын бұрылыстан өте алмай қалған, мәшине жол шетіндегі қорғанды бұзып, шатқалға түсіп кеткен. Зиаратшылар қасиетті сопы Радевраның кесенесіне бара жатқан. Рамдевра сопыны үнділіктер де, жергілікті мұсылмандар да қастерлейді.