Қарағанды қаласында пресвитериан шіркеуінде аштық ереуілі басталды

Шіркеу жетекшісі бастаған үш адам еліне сатқындық жасады деп айыпталып отыр, шіркеу қызметкерлері мұны қудалау деп қабылдады, аштық ереуілін бастады, деп хабарлады кеше ақпарат агенттіктері. Шіркеу пасторы Вячеслав Воробьев ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицерлері 24 тамыз күні шіркеуді және кейбір қызметкерлердің үйін тінтіп, кітап, аудиотаспа, бейнетаспа сияқты материалдарды тәркіледі дейді.