Ирақтың қауіпсіздік күштері елдегі ахуалды бақылауға әлі дайын емес

БАҒДАД: Ирақ премьер-министрі Н.Әл-Мәлики елдегі ахуалды толық қадағалауға ұлттық қауіпсіздік күштері әзірше дайын емес деп мәлімдеді. Бүгін Ұлттық парламентте сөйлеген сөзінде Әл-Мәлики елдегі жанжалдың азамат соғысына ұласуына өзі бастаған үкіметтің жол бермегенін атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, Ирақтағы АҚШ әскері күшейтілген сәттен бері Бағдад қаласы мен Әл-Анбар облысындағы қантөгістердің саны 75 пайызға азайды. Бүгін АҚШ Конгресінде Ирақтағы ахуал туралы есепті тыңдау басталады.