Тұрсынбай Өтемұратов түрмеден шығарылды

Өзбекстанда адам құқықтарын қорғаумен айналысатын белсенді Тұрсынбай Өтемұратов үш жарым мың долларға жуық сомада айыппұл төлеген соң түрмеден шығарылды. Ол түрмеде екі айдай отырып шықты. Тұрсынбай Өтемұратов "Өзбекстан адам құқықтары қоғамының" Қарақалпақстан бөлімшесін басқарады. Ол полицияға қарсыласты, тергеуге бөгет жасады, жалған құжат жасады деп айыпталды. Прокуратура Тұрсынбай Өтемұратовты сегіз жыл түрмеге отырғызуды сұраған. Тұрсынбай Өтемұратов айыптар қолдан жасалған дейді.