АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Джон Негропонте бүгін Пәкістан президенті Первез Мушаррафпен кездесті. Келіссөз барысында лаңкестікке қарсы соғыс туралы екі ел арасындағы “стратегиялық әріптестік” талқыланды. Ал сәрсенбі күні Джон Негропонте “Әл-Қаида” және талибанға қатысты соғысушылармен күрес жөніндегі Пәкістан науқанын мадақтады.