Әлемдегі ең ластанған 10 жердің төртеуі бұрынғы Совет Одағында орналасқан

Нью-Йоркте орналасқан “Blacksmith” институты әлемдегі ең ластанған жерлер туралы баяндамасын жариялады. Ең ластанған 10 жер деген тізімде Ресейдің Дзержинск және Норильск қалалары, Украинадағы Чернобыль, Әзірбайжандағы Сумгаит қаласы бар. Ол тізімге, сондай-ақ, Қытайдағы екі жер мен Үндістандағы екі аймақ және Перу мен Замбиядағы аймақтар енгізілген. Ал “Blacksmith” институтының “30 ластанған жер” деген тізімінде Қырғызстандағы Майлы-суу мен Қазақстандағы Өскемен қаласы және Ресейдің тағы басқа 4 аймағы орын алған.