Рамазан айында Ирақта күніне 80-ге жуық адам түрмеден босатылатын болады

Бүгін мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы басталды. Осы айда мұсылмандар таң сәріде ауыздарын бекітіп, ораза тұтады. Ал Ирақтағы АҚШ әскерилері хабарлағандай, Рамазан айында күніне 80-ге жуық тұтқын түрмеден босатылатын болады. Билік орындары тек қоғамдық тәртіпке енді қауіп төндірмейді делінген тұтқындарды ғана азат ететін болады деп хабарланып отыр.