Қырғызстанда жаңа Ата заң тағы да референдумда қабылданбақшы

БІШКЕК: Қырғызстанда 21-інші қазан күні конституцияның жаңа нұсқасы бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді. Қырғыз президенті Қ.Бәкиев бүгін осындай жарлыққа қол қойды. Өткен аптада Қырғызстанның Конституциялық соты Ата заңға 2006-ншы жылдың соңында енгізілген өзгерістердің барлығын да “заңсыз” деп танитын Қаулы қабылдады. Конституцияның жаңа нұсқасында басқа өзгерістермен қатар, партиялардың рөлін күшейтіп, парламент сайлауын партия тізімдері бойынша өткізу ұсынылады.