Оңтүстік Ауғанстанда полиция басшысы атып өлтірілді

Атап айтқанда Ғазни қаласының сыртында белгісіз қарулы топ шабуылынан, сейсенбіде, әкім үйінің қауіпсіздік басшысы Раес Хан қаза болып, оның оққағары жараланған. Шабуылшылар жасырынып үлгерді. Ал, жанкештілік бомба жарылысынан Гармсер қаласына жақын маңда 8 ауғандық полиция қызметкері жараланды.