Ауғанстандағы НАТО күштерінің мандаты кеңейді

БҰҰ Қауіпсіздік Кенесі Ауғанстанда НАТО жетекшілігіндегі қауіпсіздік күштерінің құзырын кеңейту жөнінде дауыс берді. Мандатты тағы бір жылға созу туралы бұл қарар “Талибан мен Әл-Қаида және заңсыз қарулы топтар тарапынан жасалатын зорлық-зомбылық пен лаңкесттік әрекеттердің көбеюіне” байланысты БҰҰ-ның алаңдаушылығын қайталап отыр. Талибан бүлікшілерінің шабуылдары жиі болып жатқандықтан Ауғанстанда НАТО жетекшілігіндегі күштердің саны шамамен 40 мыңға жеткізілген болатын.