Нью-Йорктегі Колумбия университетіндегі пікір сайысқа Иран президенті қатысатын болады

Махмуд Ахмадинежадтың оған қатысатындығын университет президенті де растады. Келесі аптадағы БҰҰ-ы Бас Ассамблеясы отырысына келген кезінде Иран президенті осындай мүмкіндікке ие болмақшы. Ахмадинежадтың Холокаустты жоққа шығаруы және Израйльді жою жөніндегі пікірлерін алға тарта отырып, оны жиналғандарға таныстыратындығын президент Ли Болингер айтты.