Миянмарда ондаған мың адам шеруге шықты

Будда монахтарының бастауындағы шерушілер Янгон қаласы көшелерімен жүріп өтті. Мұның өзі -1988-ші жылдан бергі демократиялық бағыттағы ең ірі шеру. Олар бүгінгі шерулерін қасиетті діни орыннан бастаған еді. Бұл соңғы шерулер өткен айда жанар-жағар май бағасының өсуіне наразылық ретінде басталған болатын. Содан кейін біртіндеп, басшылықтағы әскери хунтаға қарсы жалпы шерулерге айналып кетті.