Түркменстан басшысы Нью-Йоркте Кондолиза Райспен кездесті

Гурбангұлы Бердімұхамедов Кондолиза Райспен келіссөздер жүргізген. БҰҰ Бас Ассамблеясының Нью-Йоркте өтіп жатқан 62-сессиясының жұмысы арасында Түркмен президентінің кездесулері АҚШ-ың Бердімұхамедовпен байланыстары жоғары дәрежеде екендігін байқатты. Мемлекеттік департаменттің айтуына қарағанда, Бердімұхамедов пен Райс газға бай Түркменстанның энергия мүмкіндіктерімен қатар саяси еркіндік пен Түркменстандағы соттардың тәулесіздігі туралы мәселелерді талқылаған.