АҚШ пен Қырғызстан ядролық контрабандаға қарсы күрес туралы келісімге келді

АҚШ пен Қырғызстан ядролық материалдардың контрабандалық жолмен Қырғызстаннан өтуіне қарсы бағытталған келісімге қол қойды. Бұл құжатқа жексенбі күні Нью-Йоркте АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс пен Қырғызстан сыртқы істер министрі Еднан Қарабаев қол қойды. Украина мен Қазақстан және Грузия да АҚШ-пен арадағы мұндай келісімге қол қойған.