Роберт Гейтс бұл жөнінде Чилиде журналистер алдында сөйлеген сөзінде айтты. Мұның алдында Ирақ үкіметі Қытайдан 100 миллион доллардың әскери жабдығын алуға тапсырыс бердік деген еді. Ирақ ресмилері АҚШ-ты Ирақ жасақтарын оларға қажетті қару-жарақ, жабдықтармен жеткілікті және жылдам қамтамасыз етпей отыр деп сынаған болатын.