Ирақта бірнеше шабуылда кемінде 20 адам қаза тапты

Ең көп адам шығыны Самарра қаласының маңында болды. Мұнда жанкешті шабуылшы бомба салынған жүк мәшинесін полиция бекетінің маңында жарды. Бағдадта Польша елшілігінің маңында бірнеше жарылыс болды.