Ирақтағы шабуылдардан кемінде 10 адам опат болды

Ирақ полициясының хабарлауынша, Бағдад пен Ирақтың солтүстігінде орын алған бомба жарылысынан кемінде 10 адам құрбан болған. Бағдадтың орталығында орын алған шабуылдан үш сарбаз бен үш қарапайым азамат қаза тауып, шамамен 25 адам жарақат алған. Ал елдің солтүстігіндегі Мосул қаласында болған жарылыстан полиция бекеті қиратылып, кемінде 4 адам опат болған. Бұл шабуылдан, сондай-ақ, шамамен 75 кісі жараланған.