Пәкістанның бұрынғы бас министрі Беназир Бхутто сегіз жыл қуғында жүрген соң еліне оралатын болды
Бұл жайында ол өзі бүгін Дубай әмірлігінде өткізген баспасөз-мәслихатында жариялады. Беназир Бхутто – Пәкістандағы ең үлкен оппозициялық партияның төрайымы. Ал қаңтар айында елде парламент сайлауы өткізілмек.